CaspianLife, 13 желтоқсан — Атырауда Mitsubishi Motors маркасының ресми автосалоны ашылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Дилерлік орталық жаһандық жаңа стандарттарға сай жаңғыртылған. Қасбеті мен ішкі кеңістігі де әдеттегідей фирмалық ақ, қара және қызыл түсті элементтермен көмкерілген. Орталық өкілдерінің айтуынша, автосалон өз тұтынушыларына жоғары деңгейде қызмет көрсетеді.
«Біз тұтынушылардың сұранысын, оларға не қажеттігін жақсы білеміз. Толықтай жаңғырту жасап, барлық стандартты қарап шығатын боламыз. Тағы да айта кететін нәрсе бұл автомобильдер Жапониядан тікелей әкелінген. Ал жапондық көліктің сапасының қандай болатындығын бәрі біледі. Біз осы бреднті одан әрі дамытуға ниеттіміз», — дейді Eurasia Motor Atyrau Mitsubishi Orbis ЖШС директоры Темірлан АКИМОВ.
Дилерлік орталықта Қазақстанда танымал ASX, Pajero Sport и Outlander сияқты модельдер сатылымда бар. Сондай-ақ, Eclipse Cross, ASX және L200 модельдерін алдын-ала төлемсіз, броньдап қоюға болады. Мұнда тек автокөлік сатылмайды, оларға қызмет те көрсетіледі. Қозғалтқыш, жүріс бөлігі мен шанақтың электронды диагностикасы, май ауыстыру, қосымша жабдықтар мен дабыл жүйелерін орнату, тораптар мен агрегаттарды жай және күрделі жөндеуден өткізе аласыз.
«Біздің автокөліктер шетелде құрастырылып, сол жақтан әкелінеді. Бұл брендтің бір ерекшелігі жол талғамайтындығы. Күн райы кедергі келтірмейді. Соның арқасында темір тұлпарларымыздың қазақстандық тұтынушылардың көңілінен шығатынына сенімдіміз», — дейді Mitsubishi Motors Kazakhstan ЖШС бас директоры Осама ИВАБА.
Автосалонның тұсаукесеріне орай өткен іс-шара соңында ұтыс ойнатылды. Ал кештің шырайын кіргізген сәт — Mitsubishi ASX моделінің таныстырылымы болды.
«Атырау қаласында Mitsubishi орталығының ашылғанына өте қуаныштымын. Негізі бұрыннан бар қателеспесем. Орбис Қазақстан осындай жеке ғимаратта ашылғанына өте қуаныштымын. Жалпы жапон көліктері өте сапалылығымен, қолжетімділігімен қуантады. Менде жапон автомобильдері болған. Өте ұнайды, нгізі осы бренд әйел адамдарға жақсы сияқты. Мысалы мен жұбайыма алғым келеді», — дейді Атырау қаласының тұрғыны Қуандық ДОСБОЛАТ.
Компанияда клиент үшін барлық жағдай жасалған. Автоорталық несие және қаржылық қызметтердің толық спектрін, оның ішінде бөліп төлеуді, лизингті, тіпті ескі көліктерді жаңасына айырбастау бағдарламасын да ұсынады.