CaspianLife, 7 желтоқсан — Атырауда Номад ММА-ден Қазақстан Республикасының кубогі өтіп, 200-ден астам спортшы бақ сынады, деп хабарлайды CaspianLife.
Оның ішінде 150 адам Атырау өңірінен. Бапкердің айтуынша басты мақсат ұлттық құрама сапына енетін үздіктерді анықтау
«Атырау облысында кубоктік біріншілік үшінші мәрте өтуде. Өтіп жатқан себебі Қазақстанымыздың, Атырауымыздың спортшыларынының күштерін нығайтып, бәсекені күшейтіп, сондай-ақ өзге елде өздерінің өнерлерін жақсы көрсету ең басты мақсатымыз.Қатысушылар 10-11 жастан жоғары ересекке дейін, келіп жатқан ата-аналар, қонақтар, бапкерлер, спортшылар өздерінің жақсы ойларын қалдыруда. Қазақстан кубогін Атырау облысында алдағы уақытта жыл сайын өткізіп тұрамыз. Жалпы облыстық іріктеу болады. Және де Қазақстандық, Азиялық сосын әлемдік. Біздің басты мақсатымыз жастарды қолдап, осы спортқа деген үлкен жол ашу» — дейді Номад ММА федерация бапкері Ибрагим Лұқпанов.
Жарысқа Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, БҚ және Атырау облысының спортшылары қатысты. Олардың қай-қайсысы да алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі сайыстарда үздік атанғылары келеді.
«Жарыс жақсы деңгейде өтіп жатыр. Жылдан-жылға жаттықтырушылар мен олардың шәкірттері тәжірибелерін шыңдауда. Бұл спорт түрімен 2-3 жылдан бері айналысамын. Ал осы сайысқа 2-3 ай дайындалдым және 1 орынды иелендім. Спортшыларға айтарым көп шынығып, көбірек жаттығу керек. Алға қойған мақсат көп, өзімді көрсету үшін әлемдік аренаға шыққым келеді, — дейді спортшы Темірлан Карпов.
Кубок қорытындысында командалық есепте Атырау облысы бірінші, Қостанай екінші, ал Қарағанды облысы үшінші орынды жеңіп алды.