CaspianLife, 29 қараша — №4 қалалық емханада «Өкпе, қуықасты безі ,асқазан және ұйқы безі қатерлі ісігінің алдын-алу мақсатында ашық есік күні өтті. Бұл күні өзінде жаман аурудың белгісі бар-жоғын анықтағысы келген тұрғындар еш кезексіз тексерістен өтті. Оларға онколог, уролог мамандар тегін кеңес беріп, кейін ултрадыбыстық зерттеу жасады және рентгенге жіберді, деп хабарлайды Caspian Life.
«Халық көп келетін болған соң, кезект тұратын едім. Бүгін бәрі тез өтіп жатыр. Мамандар қатерлік ісік туралы толыө мағлұматтар беруде. Қалай алдын алу керек, қалай ем алу керектігі туралы айтып жатыр», — дейді қала тұрғындарының бірі Әлимұқан Баяуов.
Мамандар медициналық тексеруден үнемі өту әртүрлі ауруларды ерте сатыда анықтауға және емдеуді тез бастауға мүмкіндік беретінін еске салды.
«Бұл ашық есік күні басқа күні де жалғасады. Келесі айда басқа тақырыпта акция ұйымдастырамыз. Науқастар да алғыстарын айтуда», — дейді емхананың профилактикалық емдеу орталығының аға мейірбикесі Аниэтта Мұхтарова.
Биыл облыс бойынша өкпенің қатерлі ісігіне -163, асқазан ісігіне -212, ұйқы безінің қатерлі ісігіне -27 және қуықасты безінің қатерлі ісігіне -58 адам шалдыққан.