CaspianLife, 23 қараша — Әлеуметтік желідегі мониторинг барысында 63 атыраулықтың дін саласында құқық бұзғаны анықталды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 453 бабы бойынша яғни «Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату фактілері» – 23, ал ҚР ӘҚБтК-нің 490 бабы бойынша «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзудың- 40 фактісі тіркелді», — делінген департаменттің әлеуметтік желісінде.
Анықталған әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490 баптары бойынша әкмішілік хаттамалары толтырылып, жинақталған іс-құжат Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданып, оларға қатысты соттың шешімімен барлығы 2 901 677 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.