CaspianLife, 21 қараша — Атырау облысының перинаталдық орталығында салмағы 5700 грамм, бойы 64 сантиметр болатын алып бала дүниеге келді.
«Ана мен баланың жағдайы жақсы. Алып нәресте отбасындағы төртінші бала екен. Сәбидің салмағы ірі болған соң, кесір тілігі жасалды. Ол — облыс бойынша биылғы жылы дүние есігін ашқан алғашқы алып бала»,-деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Медицинада ұрық салмағы 4 келіден асса, ірі, ал 5 келіден асса, алып саналады.