CaspianLife, 20 қараша — Атырауда президенттік сайлауда 104 жастағы кейуана дауыс берді.
Ол 1918 жылы дүниеге келген. Әжей соғыс жылдары тылда еңбек етіп, 12 құрсақ көтеріпті. Қазір сол перзенттерінен тараған 11 шөбере, 17 жиен, 34 жиеншар, 1 шөпшектің қызығын көріп отыр.
«Бәріңізді дауыс беруге шақырамын. Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын. Тыныш болғай»,-дейді қаланың тұрғыны Балзиба Мажитова.
Атырау облысы бойынша 773 адам денсаулығына байланысты үйден дауыс беретіндігін айтып, өтініш берген.