CaspianLife, 18 қазан – Атырау облысында Жайық өзені сағасында итбалықтар пайда болды.
Итбалықтарды «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі және фотограф Қарасай Күнжарықов «Ақжайық» табиғи резерваты аумағында құстардың фото және видеотүсірілімі кезінде байқап қалған. Олар Жайық өзенінің Каспий теңізіне құйылатын бірнеше жүздеген метр жерден көрінді.
Резерват қызметкерлерінің айтуынша, соңғы жылдары саны әжептеуір қысқарған итбалықтар жағаға өте сирек шығып, көбінесе Каспийдің солтүстік аралдарын мекендейді.
Түлендер — итбалық тұқымдас сүтқоректі жануар. Денесі ұршық тәрізді, кішкентай, басы дөңгелек. Зоолог мамандар бұл сүйкімді жануарды ескекаяқтылар тұқымдасына жатқызған. Бүгінде жануарлар әлемінің бұл өкілдері жойылу қаупі төніп тұрған жыртқыштар қатарына кіріп отыр. Ресей Федерациясы аумағында жануарлардың бұл түрі Қызыл кітапқа енгізілмеген және оны аулау үшін квота да берілуде.
Сүтқоректі жыртқыштар қатарына жатқызылады, ал нағыз түлендер итбалығы және Каспий итбалығы болып екіге бөлінеді. Жануарлар градациясы олар мекендейтін суатқа байланысты. Екі түрі теңіз суында, тағы бірі – тұщы суда мекен етеді.
Итбалық – Жер бетіндегі ең көне жануарлардың бірі. Олардың шығу тегі және эволюциясы туралы нақты ақпарат жоқ. Ғалымдар Каспий итбалығы иірілмелі итбалықтан тараған деп шамалауда. Ол жеер бетінде шамамен екі миллионға жуық уақыт бұрын мекен еткен. Одан кейін Каспий мен Байкалға өтіп, түлендердің жаңа екі түрінің, соның ішінде Каспий итбалығының пайда болуына әкелді.
Зерттеушілер бұл жануарлардың қалдықтарын тек жағадан ғана емес, сондай-ақ жартастар мен төбешік аумақтары, Каспий теңізінде мұздықтардан табылды. Қалың мұздардың еруі кезеңінде қазіргі Каспий итбалықтары ежелгі бабаларының сүйектері Жайық жағалауынан, сондай-ақ Каспийдің оңтүстік аймақтарынан да анықталды.
Фото: Қарасай Күнжарықов