CaspianLife, 8 қазан – Атырау облысы короновирус инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша «жасыл» аймаққа өтті.
Өткен тәулікте өңірде 35 адам вирус жұқтырған. Олардың 22-сі Атырау қаласының тұрғыны. Теңіз кенішінде 4, Қызылқоға ауданында 3, ал Құрманғазы, Исатай және Мақат аудандарының әрқайсысында 2 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсетіпті. 23 науқас симптомды, 12-сі симптомсыз түрімен ауырып жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 475 адам үйден емделуде, ал облыстағы стационарларда 180-ге жуық адам жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 60 науқас ем алуда.