Әлеуметтік желілерде тірі туған шақалақты мұздатқышқа салуды бұйырған Атырау облыстық перинаталдық орталығының» экс-басшысы Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қайыржанның аудиожазбасы таралуда.
Телефон әңгімесінде Асқар Қайыржанов Қуаныш Нысанбаевқа хабарласып, өздері өлдіге санап құжатын толтырып қойған шақалақтың тірі екенін айтады. Үш минуттай сөйлескен қос дәрігер өлді деп толтырылған құжатты қайта өзгертуге болмайтынын алға тартып, аяқ-қолы жыбырлап жатқан тірі шақалақты мұзатқышқа сала тұруға уағдаласады.
Еске сала кетейік, перинаталдық орталықтың экс басшысы Қуаныш Нысанбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің адам өлтіру, қылмысқа қатысу және оны хабарламау, бөтен мүлікті иемдену, бюджет қаржысын талан-таражға салу, пара беру, пара алу, қызмет бабын асыра пайдалану сияқты бірден 8 бап бойынша айыпталып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.