Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауы кезеңіндегі Атырау облысы бойынша сайлауалды штаб бірнеше жұмыстарды атқарған болатын.
Мәселен, Атырау облысы бойынша 1 аймақтық және 8 аумақтық қоғамдық штабы құрылып, құрамында 300 мүше жұмыс жасауда.
Штаб жанынан үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған«Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған 530 белсенділері, спартияның жас жақтастары кірді.
Сайлауалды науқан кезеңінде Атырау қаласы және 7 ауданда барлығы 164 елді мекенде 14 әлеуметтік стратадан құрылған 271 440 адамды қамтитын 722 іс-шара өткізілді.
*** Атырау облысы желілік кестеге сәйкес 699 шара (облыстық деңгейде – 537 республикалық – 185) оның ішінде:
- Онлайн шара саны – 189, қамтылған адам саны – 176 350.
*** Республикалық сайлауалды штаб мүшелерінің қатысуымен — 17 шара(7-і қалада, 10-ы төрт ауданда).
2020 жылдың 23 желтоқсан күні Республикалық сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстары бойынша Атырау облысына келіп, жоспарланған 17 кездесу ұйымдастырылды (415 адам қатысты).
«Жас Отан» Жастар қанатының 530 белсендісі агитация кезеңінде белсенді жұмыс жасады. Олардың 267-і партия қатарына қабылданды. Үгіт насихат материалдары 3 толқында кезең кезеңімен барлығы 231 463 материал таратылды. Оның ішіде «Есіктен есікке» акциясында 90 мың үгіт материалдары үлестірілді, 140 мыңнан астам материал рұқсат етілген жерлерде жабыстырылды.
1 аймақтық және 8 аумақтық сайлауалды бағдарламасын жасақтауда праймериз өткізу кезінде халық арасында талқыланып, 1 мыңнан астам талап-тілектер мен ұсыныстар жиналды. Олардың 42% бағдарламаны пысықтау кезінде ескеріліп, енгізілді. Әр өңірдің ерекшеліктері ескеріле отырып, өзіндік бағдарламасы жасақталды.
Осы үрдіс жалғасын тауып, сайлауалды үгіт-насихат науқанында азаматтардың өтініштерін, талап-тілектерін, ұсыныстарын қабылдап жатырмыз. Бүгінгі таңда азаматтардан осындай 4 мыңға жуық аманаттар қабылдадық. Аманаттарда негізінен елдіктің мәселесі көтерілген.
Қоғамдық штабтың 9 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмысын бастады.
Сенімді өкілдердің қабылдау өткізу кестесі жасақталып, ағымдағы жылдың 11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында қабылдау бөлмесіне 1305 азамат келді.