19 желтоқсан күні таңертең «Индер-Атырау» трассасында жол апаты тіркеліп, екі адам ажал құшты.
«Приора Универсал» маркалі жеңіл автокөлік жылдамдықпен келе жатып, аударылған. Оқиға салдарынан, Индер ауданы Ынтымақ ауылының тумалары – ағайынды 32 жастағы жүргізуші,38 жастағы әпкесі оқиға орнында қайтыс болған.
Көлікте олардан басқа төрт бала болған, олар аман қалды. Оқиға болатын күні таңертең Ақтау қаласында тұратын әпкесін балаларымен пойызға шығарып салуға бара жатқан.
ЖКО байланысты сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүруде.