Бүгін Атырау халықаралық әуежайында облыстық мәслихат депуттатығына кандидаттар бастауыш партия ұйымымен кездесу ұйымдастырды.
Онлайн форматта өткен кездесуде Қазақстанның басты 7 жетістіктерін, «Нұр Отан» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасыменн таныстырды. Қатысушылар арасынан сұрақтар қойылып, қазіргі қоғамдағы туындаған қиындықтарды еңсеріп,болашақта шағын және орта бизнесті дамыту жолдарын талқылады.
Үміткерлер кездесудің ойдағыдай өткенін айта келе, азаматтарды «Нұр Отанға» дауыс беруге шақырды.