Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 30 жұмысшы коронавирус инфекциясына шалдықты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше Атырау облысында 58 адамнан қауіпті індеттің табылғаны ПТР арқылы расталған.
«Коронавирус инфекциясына Атырау қаласынан 13, сондай-ақ, Теңіз кенішінен 30 жұмысшы шалдықты, Ал, Жылыой ауданынан 10, Құрманғазы ауданынан 5 адамда Сovid-19 белгісі анықталды. Науқастардың сегізінде инфекция симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирус инфекциясынан 9 адам емделіп шықты», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Өңірде 229 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Сондай-ақ, облыстық инфекциялық стационарда 49, аудандардағы инфекциялық стационарда 6, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарында 229 пациент ем қабылдауда.