«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөліміндегі сарбаздардың тамақтану тәртібі тексерілді.
Ереже бойынша отан алдында борышын өтеп жүргендер күніне үш рет ауқаттанады. Таңғы асқа жарма, ет немесе балық өнімдерін тұтынса, түскі уақытта кешенді түскі ас беріледі. Ал кешкі мәзірге ет немесе балықтан пісірілген тағам ұсынылады. Қоймадағы азық-түлікті қабылдау, тамақтың дайындалуына кететін уақыт пен тазалық нормалары да тексерілді.
Владимир ТОМКИН, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы азық-түлік қызметінің бастығы
Күнделікті тамақтанудың орташа құны – 1400 теңге. Бақылаудың басты мақсаты асхананың жағдайын, санитариялық-гигеналық талаптарға сәйкестігін тексеру, сонымен қатар тамақ қалдықтарын анықтау. Оған қоса аспаздардың арнайы ережелерді сақтауы және өз-өзіне қызмет көрсетудің ұйымдастырылуы, тағамдардың жылдам әрі біркелкі таратылуы бақыланды.
Дұрыс тамақтану – әскери қызметшілердің денсаулығына тікелей әсер ететіндіктен мұндай бақылау ай сайын ұйымдастырылады.