Жылыойда ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – елдің тірегі» атты концерттік бағдарлама өтті. Ұлт көшбасшысына айналған кемеңгер тұлғаның елі үшін сіңірген еңбегі осы мерекелік кеште айқын көрініс тапты.
Шараға аудан әкімі арнайы қатысып, жылыойлықтарға жүрекжарды құттықтау тілегін жеткізді. Мерекелік іс-шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагер-ұстаздар, аурухана қызметкерлері және мемлекеттік қызмет саласының озық мамандары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Үміт КЕНЖИНА, марапат иегері
Еліміздің отыз елдің қатарына енуіне әр қазақстандық өз үлесін қосуда. Бүгінгі салтанатты жиында көп марапат болды. Жастардың Қазақстанға сіңірген еңбегі деп білеміз. Алғысымызды білдеріміз. Әрдайым Қазақстан гүлдене берсін, өрлей берсін. Еліміз тыныш, отбастарымыз аман, жақсылықпенен әрдайым бола берсін.
Шараға округ әкімдері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Тұғыры биік, тегеуріні мықты елді қалыптастыруда аянбай қызмет еткен Елбасының есімін ұлықтауға арналған кештің соңы аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.