Ақтауға аққулардың алғашқы легі ұшып жетті. Қанаттыларды өз көзімен көру үшін көрші облыстардан арнайы келетіндер көп. Экологтардың айтуынша, құстар Ақтау жағалауына 50 жылдан бері тұрақты қыстап келеді. Осылайша, Каспий теңізі туристер үшін тек жазда ғана емес, қыста да қызықты.
Махаббат символы саналатын құстардың екі түрі бар: сыбырлақ және сұңқылдақ. Олардың орташа салмағы 8–13 келіні тартады. Денесінің ұзындығы 180 см-ге дейін жетеді. Сұр түсті балапандарын «көгілдір» деп атайды.
Негізі, су астындағы өсімдіктермен және омыртқасыздармен қореқтенеді. 80-ші жылдары 400-дейі ұшып жеткен. Қазір олардың саны әлдеқайда аз. Теңіздің тұздылығынан мұз қатпайтындықтан, аққулар көктемнің басына дейін болып, салқын жаққа қарай ұшып кетеді.