Тұрғын үйдің күтіміне қатысты заңға өзгеріс енгелі ойы сан-саққа кеткендер көп. Бұрынғы пәтер иелері кооперативінің орнына мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестік келмек. Бұл – қаражаттың мақсатты түрде жұмсалып, ашықтықтың орнауы үшін жасалған жүйе.
Ал аталған жаңашылдыққа өзгелерден бұрын сіңісіп, тіпті пайдасын көріп үлгергендер де бар. Солардың бірі – Раиса НИКОЛАЕВА.
Раиса НИКОЛАЕВА, қала тұрғыны
Біз осы сегіз айдың ішінде үлкен жұмыс атқардық. Мысалы, жертөлені тазаладық. Әрине, мұны ПИК істемес еді, өйткені, олардың күші жетпейді және қарыздары көп. Біз өз қаражатымызды қадағалап отырамыз. Сондай-ақ, тұрғындарға да уақытында төлеу керек екенін ескертеміз. Дегенмен бұл үшін тарифті көтеруге тура келді. Бұрын тариф 25 теңге болса, қазір оны екі есеге өсірдік. Бірақ бұл сол ісімізге татиды.
Тұрғындардың өз үйіне жауапкершілікпен қарауына жүйенің қосар үлесі мол. Дегенмен бір ғана тұрғын үйдегі халықтан жиылған қаржы аз болатындығы себепті тарифтің құны өскен. Дегенмен бұл баспанаға жасалатын күтім сапасының артатынына үміт береді. Ал қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиев қос ұйымның бір-бірінен айырмашылығын былай деп түсіндірді.
Қайрат ХАБИЕВ, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы
МИБ әділет органдарына тіркеледі. Ал ЖС тіркелмейді. Үйішілік негіз болып жұмыс жасайды. Яғни, есепшот ашылады. Қазіргі уақытта мүлік иелері бірлестігінің 265 тұрғынынан келісім алынып отыр. Соның ішінде 4-уі МИБ-де, 261-і жәй серіктестік болып құрылып жатыр.
2022 жылы ПИК таратылады. Сол уақытқа дейін тұрғындардың өздеріне ыңғайлы бірлестікке өткені абзал.