Tesla және «SpaceX» басшысы Илон Маск Блумберг агенттігінің нұсқасы бойынша әлемдегі екінші бай адам атанды. Сейсенбі күні «Tesla» акциялары 3,5 пайызға, яғни 540 долларға дейін қымбаттаған. Сөйтіп, компанияның жалпы капиталы 511 млрд доллардан асқан.
Илон Масктың табысы 7 миллиард доллардан 127,9 миллиард долларға өсіп, «Microsoft» корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтстен де асып кетті. Оның жылдық табысы – 127,7 миллиард доллар. Ал бірінші орында 182 миллиард доллар табыспен «Amazon» колмпаниясының басшысы Джефф Безос тұр. «Tesla» акциялары «Wedbush» компаниясының талдаушысы олардың мақсатты бағасын 1 мың долларға дейін көтергендіктен қымбаттаған. Соңғы 12 айда Масктың табысы шамамен 100 млрд долларға өскен.
Блумберг агенттігі атап өткендей, әлемдегі ең бай адамдар тізіміне енген кәсіпкерлердің ешқайсысы Илон Маск секілді өз капиталын аз уақытта көбейтпеген. Қаңтар айында ол рейтингте 35-ші орында болса, 1 жыл өтпей әлемдегі екінші бай адам атанып отыр.