Африкадағы халықаралық мектепте жұмыс істейтін қазақстандықтар суға зәру тұрғындарға құдық қазып берді. Қайырымдылықты Атыраудағы білім ордасының 45 түлегі ешқандай қолдаусыз жүзеге асырған.
Құдық салуға пандемияның да кері әсері болған.
Азамат ИМАНҒАЛИЕВ, лицей түлегі
Арнайы көмектесейік деп жсопарлаған жоқпыз. Аяқ астынан болды. Іссапарда жүрген жолдасымыз көмектессек қалай болады дегеннен кейін, қол ұшын создық. Өзіміздің басымыздан қиыншылықтар өтіп жатса да, бірнеше рет шетелге көмектестік.
Қайырымды істің басы-қасында жүргендер шығын мөлшерін айтпады. Ал африкалықтардың қазақстандықтарға айтар алғысы шексіз. Себебі, бұл құрлықта ауыз су тапшылығы үлкен мәселе болып тұр.