Атыраулық полицейлер облыстық ауруханада жоспарлы түрде өтетін қан тапсыру акциясына қатысты. Таң атысымен кезекке тұрғандар анализ тапсырып, кейін мұқтаж жандарға қол ұшын созды.
Тәртіп сақшылары донор болуды дәстүр қылып алғандарын айтады. Ал қайырымды істің қайталанып отыратынына дәрігерлерде дән риза.
Әсел ЗИМАНОВА, Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігер-трансфузиологы
Бұл жерде донор күні ұйымдастырылып жатыр. Осындай шараны қан топтарының жетпеуіне байланысты әр мекемеде өткізіп тұрамыз. Әрине, ол әр адамның өз қалауымен болу керек.
Жалпы, жыл басынан бері 6000-нан астам еріктіден 5000-литрге жуық қан жиналған. Ақхалаттылардың сөзінше, тапсырылған қан құрамы бірнеше мәрте тексерістен өтеді. Сондай-ақ, қан тапсыру – донордың өз денсаулығына да оң әсер етеді.