Махамбет аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы 9 жылда алғаш рет жөндеуден өткізілді. Бұл жұмыстар Атырау мұнай өңдеу зауытының есебінен жүргізілді. Ол үшін мекеме қазынасынан 216 млн теңге жұмсалған.
Серік АРЫСТАН, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС департамент директоры
Оның төбесін және сыртқы бетін, сондай-ақ, іргетасын қалыпқа келтіру керек болды. Аурухананың төбесі қазіргі заманға лайықталып, қымбат сапалы материалдармен толық қапталды. Ғимаратқа қосымша тағы бір 4 шағын нысанның да төбесін қаптадық. Арнайы суағарын жасадық.
Бұған дейін қабырғасы құлап, шатырынан су ағып, жан-жағына шөп-шалаң қаптаған медициналық мекеме енді коронавирусқа шалдыққандарды да қабылдай алады.
Жаңабай САҒИЕВ, «Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансер» КММБ басшысы
Бәрі өте сапалы жасақталды. Жылу жүйесін де қайта өңдеп жатыр. Төбе жөнделмегенде бұл жұмыстарды жүргізу мүмкін болмас еді. Сондықтан біз өз тарапымыздан АМӨЗ-ге көп алғыс білдіреміз.
Айта кетейік, Махамбет аудандық туберкулезге қарсы диспансеріне жүргізілген құрылыс-монтаждау жұмыстарына 35 адам жұмылдырылды.