Аустралияның солтүстік-батыс бөлігіндегі Брум қаласына жақын маңдағы жағалауда адамға акула шабуылдаған. Жыртқыш ер адамның қолын жұлып алып, аяғына да зақым келтірген.
Оқиға куәгерлері зардап шеккен азаматты жағаға шығарып, жедел жәрдем шақыртқан. Бірақ ер адам дәрігерлерге жеткенге дейін көз жұмды. Қазіргі таңда жағажайды жауып, ол жерге күзет қойылды. «Бұл – жантүршігерлік жағдай. Оқиғаны өз көзімен көрген адамдар кері әсер алуы мүмкін. Тіпті көрмеген біздің де ойымыздан кетер емес», деді Батыс Аустралия штатының премьері. Бұл ең қауіпті саналатын жағалауда соңғы 2 ай ішінде болған екінші жағдай көрінеді. Биыл акулалардың адамдарға шабуылы салдарынан 8 адам мерт болған.