Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры ғимаратының алдына қойылған ескерткіштердің ашылу рәсімі өтті. Композиция театр және кино актерлері – Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов, Сабира Майқанова мен Хадиша Бөкееваға арналған.
Ашылу салтанатына өзге зиялы қауым өкілдерімен бірге театр және кино актері, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов қатысты.
Салтанатты шараны құттықтау сөзімен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменова ашса, композициялық ескерткіштің шымылдығын Асанәлі Әшімов пен ақын, Махамбет және Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтардың лауреаты Светқали Нұржан ашты.