Еврей зергерлері әлемдегі ең қымбат масканы жасап шығарды. Оның құны бір жарым миллион долларға бағаланып отыр.
Қымбат болуының себебі, демперде таза алтын мен үш мыңнан астам қара және ақ алмаспен безендірілген. Компания басшысы мен дизайнер Исаак Левидің айтуынша, тапсырыс берушінің екі талабы ғана болған. Яғни, өнім жыл аяғына дейін дайын болуы тиіс және ол әлемдегі ең қымбат маска болуы керек.
Өндірушілер мұндай талап қойған адамның кім екенін әзірге атамады. Бір анығы, ол – АҚШ-тық кәсіпкер. Ал өнімнің салмағы шамамен 270 грамм болады. Бұл әдеттегі медициналық маскадан 100 есеге көп.