Атыраудағы апатты жағдайдағы үш жатақхананың тұрғындары жаңа пәтерге көшіріледі. Бұған дейін әкімдіктің табалдырығын тоздырып, баспана сұраған 330 отбасы жыл соңында қоныс тойын тойламақ.
Әкімдіктегілердің айтуынша, биыл қала көлемінде апатты деп танылған он үйдің тұрғындары көшірілген. Олардың бесеуі – көпқабатты тұрғын үй, ал қалғаны – жатақхана.
Рафхат ЖОЛДИЕВ, Атырау қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі
Санитарлық талаптарға сәйкес болмаған соң, Атырау қаласының әкімдігі осындай шешім қабылдады. Енді біз биыл 8 жатақхананы көшіруді жоспарлап отырмыз. Келесі жылы Береке ықшамауданынан тұрғын үйдің құрылысы біткен бойда тағы 2 жатақхананы көшіреміз. Қазір қалып тұрған 70 апатты үй бар. Оның бесеуі – жатақхана, 65-і – тұрғын үй.