Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония пандемия басталғалы алғаш рет көрермендермен қауышты. Өнерпаздардың қойылымын сағынған атыраулықтардың қарасы көп болғаны соншалық, Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған кештің билеттері бірнеше сағатта сатылып кеткен.
Карантиндік шектеулерге байланысты алдағы көрермендер саны тек 50 адамға рұқсат етілді. Өнерсүйер қауымға медицианылық бетперде тағу міндеттеліп, арақашықтықтың сақталуы қатаң қадағаланды.
Концертте филармонияның жетекші солистері өнер көрсетті. Кеш Ермұрат Үсеновтың «Шәмші дастан» әнімен аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерт көрермендердің сұрауы бойынша келесі аптада жалғасын табады.
Концертте халық композиторының танымал әрі ел сүйіп тыңдайтын әндері шырқалды. Өнерсүйер қауымның бірі көзіне жас алса, енді бірі терең ойға батып, әсем әуенмен ерекше әсерге бөленді.