Соңғы уақыттары Атырау көшелерінен қараусыз қалған төрт-түлікті жиі кездестіреміз. Маусымнан бері жануарларын жайына жіберген 50 шақты адамға айыппұл салынған. Төрт түліктің көлік қозғалысына кедергі келтіргені былай тұрсын, қала ішіндегі жасыл желекті қорек етіп, жайбарақат жүретіні жасырын емес.
Расымен, жарты жылда 62 бас түйе, 146 бас жылқы, 35 сиыр және 9 ешкі арнайы орынға қамалып, иелеріне хаттама толтырылған. Жауаптылардың сөзінше, қараусыз жүрген жануарлар көбінде әуежай трассасы мен Әбілхайыр хан даңғылының бойында кездеседі.
Күләнда ӘЖІҒАЛИЕВА, «Спецавтобаза» ЖШС басқарма басшысы
Айналысатын негізі тазалық жұмыстарына көп кедергі келтіреді. Жалпы, техникалық қауіпсіздікті айтпағанда, жол бойына шығып тезек тастап, шөптерді отайтыны бар. Сондықтан тұрғындарға малдарын үйінде ұстағауға шақырамыз.
Арнайы техника болмағандықтан малды тиеп әкету оңайға соқпайтын көрінеді.