«Нұр Отан» партиясының Индер аудандық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы мәдениет үйінде өтіп, оған 50 делегат қатысты. Конференцияда партияның 2021–2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы бекітілді.
Сондай-ақ праймеризге қатысқандардың ішінде жоғары нәтижеге қол жеткізген 6 үміткердің арасында кезекті пікірсайыс өтті.
Әнуарбек КЕНЖИЕВ, үміткер
Менің басты ұстанымым – туған жердің тазалығына, экологиялық жағдайына ұдайы назар аударып отыру. Тәртіп пен тазалық жоқ жерде береке-бірлік пен денсаулықтың болмайтыны жасырын емес. Туған жердің келбеті тек қана сәнді ғимараттар мен сәулетті мейрамханалармен өлшенбейтіні анық.
Пікірсайысқа қатысқан үміткерлердің қай-қайсысы да депутаттық мандатқа ие болған жағдайда кен-байлықты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосатындарын айтып сендірді. Өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырғанымен, екінші бөлігінде бір-біріне қояр сауалдары жоқ болып шықты.
Өтепберген ОРАЗҒАЛИЕВ, «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Бүгін Индер ауданының «Нұр Отан партиясының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтуде. Өздеріңізге мәлім, 17 тамыз бен 4 қазан аралығында Елбасының тапсырмасына сәйкес праймериз өткізілді. Сонда алға шыққан үміткерлеріміз бүгін дебатқа қатысуда.
Пікір сайыстан соң делегаттар өздері таңдаған үміткерге электронды жүйе арқылы дауыс берді.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының 1 639 мүшесі бар Индер аудандық филиалының Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізілді. Алдағы жылы 10 қаңтарда өтетін аудандық мәслихат сайлауына 21 үміткерін ұсынылып, делегаттар тарапынан қолдау тапты.