Женевадағы аукционға қызғылт алмаз қойылды. Бұл асыл тасты 3 жыл бұрын «Алроса» компаниясы тапқан.
Бұған дейінгі табылған қызғылт гауһартастың ең үлкен массасы шамамен 4 карат болатын. Михаил Фокиннің «Раушан көрінісі» балетінің атауын алған бұл асыл тастың массасы 27 каратқа жуықтаған. Бірақ ол екіге бөлінгеннен кейін салмағы да азайған. Зергерлік бұйымдар департаментінің директоры Бенуа Репелленнің айтуынша, «Раушан көрінісінің» бағасы 23 пен 38 миллион доллар аралығында болуы мүмкін. Яғни, әр карат шамамен 1 жарым миллионға бағаланады.