Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Таулы Қарабахтан 11 шақырым жерде орналасқан стратегиялық маңызы бар Шуша қаласын бақылауға алғанын мәлімдеді. Алайда Армения Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Ведомство сайтында Таулы Қарабах астанасына зымыранмен шабуыл жасалғандығы туралы хабарлама да жарияланған. Әзербайжандықтар Әлиевтің сөзіне сеніп, жаппай көшеге шығып жеңістерін тойлай бастады.
Илхам ӘЛИЕВ, Әзербайжан президенті
Шуша – біздің қала. Қарабах та біздікі. Әзірбайжан халқын осы жеңісімен құттықтаймын. Армения біздің талабымызға көнбесе, біз соңына дейін барамыз.
Оның айтуынша, 27 қыркүйектен бері Әзербайжан 200-ге тарта елдімекенді өздеріне қайтарған. Ал Армения Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Арцрун Ованнисян Фейсбук парақшасында «Шушидегі шайқастар жалғасуда. Біздің жеңісімізге сеніңіз және күтіңіз» деген жазба қалдырған. Ереван халқы да Әзербайжан таратқан мәлімдемеге сенбейтінін жеткізді.