Атырау халқы тек Жайықтың суын тұтынады. Ал аталған су қоймасы ашық болғандықтан түрлі жағдайға тап болады.
Күні кеше болған Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдай мен «Атырау Су Арнасының» хлоры жоғары мөлшердегі суды ағызуы – соның бір ғана мысалы. Ол аздай өзен таязданып бара жатқандықтан облыс баламалы су көздеріне мұқтаж.
Едіге САБЫРОВ, гидрогеолог
Су кодексінің 90 бабы, 2 тармағында халықты сумен қамтамасыз ету үшін жер асты көздерінің болуы көрсетілген. Өкінішке орай, бізде ол жоқ. Бақандай 300 000 халықтың су алатын жері жоқ. Біз заң талаптарын орындамай, халыққа қауіп төндіреміз.
Қаладан бірнеше сағат қашықтықта ауыз су көзі ретінде пайдалануға болатын кен орындары да бар. Ондағы су қоры 30 жылға жетеді. Бұдан басқа, осыдан 10 жыл бұрын Оңтүстік Ембі бассейінен табылған 180 гидроұңғыма да пайдаға аспай тұр.
Нұргүл САБЫРОВА, «Атыраугидрогеология» ЖШС бас директоры
Бізде Оңтүстік Ембі бассейні бар. Жаңасу, Бали, Тугаракчан, Сарыбұлақ орындарын пайдалану мерзімі 27 жыл ғана. Мұндағы суды тұщыландыру оңай. Қарапайым сөзбен айтқанда, жерасты сулары босқа атқылап, буланып жатыр.
Жағымсыз салдардың алдын алу үшін сарапшылар Көкжиде мен Жаңасу су көздерін қосу керектігін айтады. Себебі, аймақтағы көптеген кәсіпорынның бірі қиындыққа тап болса, аймақ тұрғындарының ауыз су тапшылығын көруі ғажап емес.