Кеше құтқарушылар үй қирандыларынан 4 жасар Айда Гезгин есімді қыз баланы алып шықты. Ол нәр татпастан 4 күн бойы үйінді астында жатқан. Іздеушілер оның даусын «тыныштық сағаты» кезінде естіген.
Измирдегі зілзала құрбандарының саны 114-ке жетті. Бұл туралы Түркия Үкіметі мәлімдеді. Жалпы, жер сілкінісі салдарынан 20 шақты ғимарат толығымен қирап, тағы бірнешеуі зақымданған. Қазіргі таңда іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. 1 000-нан аса адам ауруханаға жеткізілді. Оның 150-ге жуығы ауыр халде. Көптеген адам баспанасынан айырылды. Олар үшін саябақтар мен стадиондарда уақытша лагерьлер жасақталды.
Жергілікті басқарма өкілдерінің берген ақпаратына сүйенсек, зілзаладан кейін 1 713 атфершок тіркелген.