Өткен жексенбіде Беларусь астанасында билікке қарсы халық «Террорға қарсы марш» өткізді, деп хабарлайды Азаттық радиосы. Лукашенкоға қарсы наразылық акцияларының басталғанына 3 айға жуық уақыт болды.
Қазіргі таңда елде мобильді интернет жұмысы нашарлап, метро стансалары жабылып, көшелерге құқық қорғау органдарының арнайы техникалары қойылған. Бұған дейін жүздеген адам қатысқан әйелдер акциясы да өтті. Олар президенттің орнынан кетуін талап етті. Дәл сол күні Гродно қаласындағы «Гродно Азот» мекемесінің қызметкерлері де митинг өткізді. Лукашенко күштік құрылым басшыларымен кездесіп наразылық білдіргендерге қатаң шара қолдануды тапсырған. «26 қазаннан бастап жалпыұлттық ереуіл басталады» деп ескерткен Светлана Тихановскаяның үндеуінен кейін ірі мекемелерде, зауыт-фабрикаларда, оқу орындарында сайлау нәтижесімен келіспейтіндер жұмыс істеуден және оқуға барудан бас тартып жатыр.
Ел басшысы ереуілге шыққан студенттерді оқудан және оқытушыларды жұмыстан босатуға туралы нұсқаулық берген. Одан бөлек Беларусь парламентінің төменгі палатасы әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне өзгерістер енгізу мәселесін қарстырып жатқаны белгілі болды. Ол бойынша, рұқсат етілмеген акцияға қатысқандарға, лауазымды тұлғаның талабына бағынбағандарға және туды заңсыз пайдаланғандарға жаза күшейтілмек.