Биылғы тоғыз айда жергілікті қазынаға түскен салық көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға, нақтырақ айтсақ, 45 млрд. теңгеге артқан.
Жалпы, 2020 жылға берілген жоспар да пандемия кезінде ШОБ субьектілеріне берілген жеңілдіктерге қарамастан артығымен орындалды. Ол – 280 млрд. теңге. Мамандар бұған облыста жаңа жұмыс орындарының ашылуы, сондай-ақ, құрылыс саласының қарқын алуы себеп санайды.