Индер ауданының Есбол ауылында жеке серіктестіктің ұйытқысымен салынған 100 орындық спорттық сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Кәсіпкер игі істер легін тоқтатпайтынын жеткізді.
Бұл кешенде спортпен шұғылдануға ниетті адамға барлық жағдай қарастырылған. Үстел теннисімен қоса, қазақша және еркін күрес, бокспен айналысуға болады. Шахматпен шұғылданып, тоғызқұмалақ ойнайтын да мүмкіндік бар.
Шаршы алаңда шымыр болу үшін спортшылар жаттығуын ереже мен кестеге сай жүргізуде.