Атырауда коронавирустан қаза болған 14 дәрігердің отбасы 10 млн теңге көлемінде төлемақы алды. Одан бөлек, комиссия шешімімен қауіпті дертке шалдыққан 774 ақхалаттыға екі млн. теңгеден берілді.
Осыған дейін вирус жұқтырып, жол апатынан жан тәсілім еткен кардиологиялық орталықтың дәрігеріне тиесілі қаржы да марқұмның жақындарына жіберілмек.
Асхан БАЙДУӘЛИЕВ, Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Үстемақы алмаған азаматтар да үлкен жұмыс жасады, зор құлшыныспен індетке қарсы тұрды. Өкінішке қарай, құжаттары сәйкес келмеген еді. Дегенмен қазір жергілікті, мәслихатқа ұсыныс беріп жатырмыз. Сомасы мен қанша маманға төленетінін комиссия шешеді.
Осымен елде медицина қызметкерлерінен төлемақы алу жөніндегі өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Енді оларға әкімдік, медициналық ұйым немесе кәсіподақ қаражаты есебінен қолдау көрсетілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.