Күні бүгін еліміздегі білім беру жүйесі – үлкен өзгерістерді өткеріп отырған салалардың бірі. Өткен көктемде басталған пандемияның кесірінен оқушылар мен ұстаздар қашықтан оқыту жүйесіне көшірілді.
Қандай қиын жағдай болса да, қызметтерін адал атқарған бір топ мұғалімге кәсіби мерекелері тұсында құрмет көрсетілді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен салтанатты шарада салалық министрліктің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табыс етілді.
Бақытгүл ҮМІТҚАЛИЕВА, ұстаз
Бүгінгі аудан, облыс көлеміндегі барлық ұстаздар қауымын ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін өзім Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігінің Алғыс хатымен марапатталып жатырмын. Барша рәіптестерімді бүгінгі марапаттарымен құттықтай отырып қиын кездегі қазіргі өзіміздің білім және тәрбие саласындағы жасап жатырған жұмыстарымызға сәттілік, шығармашылыық табыс, үлкен денсаулық тілеймін!
Жалпы, Индер ауданының білім беру мекемелерінде 6 171 оқушы қашықтан білім алып жатыр. Ал ата-аналардың өз өтініштері негізінде бастауыштағы 1 917 шәкірт 149 кезекші сыныпта тәлім алуда. Оларға 907 педагог білім береді. Сонымен қатар, биыл 13 жас маман мұғалімдік қызметке қабылданып, еңбек жолын бастаған.