Атыраудағы №1 емханадан шу шықты. Мойнындағы міндетті атқару барысында коронавирус жұқтырып алған 300-ге жуық медицина қызметкері өздеріне тиесілі 2 млн.теңге үстемақыны талап етуде. Олардың барлығы – пандемия кезінде алдыңғы шепте жүрген ақ халаттылар. Ал қаржы аударуды мақұлдайтын комиссия вирусты жұқтырған адамның аты-жөнін айтпайынша, көмек көрсетілмейді дейтін көрінеді. 70 мыңға жуық адамға қызмет көрсететін емханада оны анықтау, әрине, мүмкін емес.
Азамат ӘДІЛБЕКҰЛЫ, №1 қалалық емхананың дәрігері
01:45 -Мен өзімнің жеке басым 200-ге жуық адамға лобарантым екеуміз пневмония диагнозын қойдық. + Менің екінші дәрігер-рентгенологым ауырып, больничный алуына байланысты маған берген жоқ. 39 температурамен 2 күн қатарынан қызметімізді атқара бердік. +Үстемақымызды екі рет тапсырып көрдік, үміттеніп, алайда себепсіз отказ келді бізге.
Індет өршіген тұста «бейбіт күннің батырлары» атанған ақхалаттыларды қолдауға келгенде істің тоқырайтын түрі бар. Өйткені, қызметкерлер тоқсан сайын алуы тиіс үстемақыдан қағылып отыр. Ал оған медициналық мекемедегі 70 млн теңгенің қолды болғаны кесір болып тұр. Дәрігерлер Денсаулық сақтау басқармасынан бастап, министрлікке дейін екі рет арызданған. Бірақ әлі күнге дейін қаржының қалтаға түспеу себебі түсіндірілмеген.
Лаура ЗИНУЛЛАЕВА, №1 қалалық емхананың мейірбикесі
Ол ақшаның қайда кеткенін ешкім білмейді қайда кеткенін. Бізге айтпай отыр. Сол біздің өзіміздің еңбегіміз ғой. Требовать етіп отырмыз. Оны барлық құқық органдарына жаздық, сұрадық. Ешқандай жауап болмай отыр. Сондықтан бліз қайда, кімге барамыз? Бұл біздің еңбегіміз.
Осыған дейін ақ халаттылардың жан айқайын тыңдауға құлшыныс танытпаған Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бұл жолы тез жетті. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиев із-түссіз жоғалған 70 млн.теңгені кімнің ұрлағанын айтты. Дәлірек айтқанда, қаражат электронды түрде алаяқтардың аузында кеткен. Десек те, уақытша басшы коронавирус жұқтырғандардың мәселесі бойынша бекітілген бұйрыққа бағынатынын айтты.
Асхан БАЙДУӘЛИЕВ, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.
Сіздер айтып жатсыздар да мына поликлиникадан 100-ден астам адам заявление берген деп. Біздің комиссияға берілгені 27 материал. Өйткені, внутренный комиссия бар. Осы жердегі өздерінің мекемесінде комиссиялап, қарап, материалдарын жинап, қабылдап.+ 9-ына біз оң нәтиже бердік. Қазір ақшалары төленеді. +Көп келетін отказдар осы фильтрда істеген бұйрық жоқ. Мобильді топта істеген бұйрық жоқ.
Басқарма басшылығының сөзіне сенсек, қомақты қаржы ақхалаттылардың бәріне бірдей бұйырмайды. Егер нақты инфекциялық, провизорлық стационарда жұмыс істеп, комиссияға арызы жетпей қалса, оны қайта қарайтын мүмкіндік бар екен. Жалпы, бүгінге дейін Атырау облысы бойынша үстемақы алуға 955 өтініш түскенмен, оның 500-ге жуығы мақұлданған.