Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Осыған орай, аудан әкімі Халел Жамалов қарттар күнімен ардагер теміржолшы Рай Бисалиевті алғыс хатпен марапаттап, сыйлық табыстады.
Рай БИСАЛИЕВ, ардагер теміржолшы
— Қуаныштымын бүгін. Сол айтайын дегенім, мына үлкен қарттарымыз осындай бізге өмір сыйлап, жақсы еңбектерімен,жолдарымен, күштерімен осы із салып,жақсы жол салғандарына көп көп рахмет.
Аудан әкімінің сөзінше, ұрпақ сабақтастығының ұстыны болған бұл мереке үлкендерді құрметтеуге, қамқорлық көрсетуге және халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттауға шақырады.