Аумалы-төкпелі дүниенің ащы-тұщы кезеңдерін өткерген Мақат кентінде тұратын Жамбыл есімді ақсақалдың көкірегі – тұнған шежіре. Әкесі майданға аттанғанда анасының құрсағында қалған бала төртке тола бергенде тұл жетімге айналған.
Содан бері туған-туыстарының қамқорлығында өсіп-өніп, қазіргі уақытта сексеннің сеңгіріне таяп қалды. Әрбір сөзін салмақтап сөйлейтін ақсақал бата беруден сайысқа да түсіпті. Облыстық байқауларда талай мәрте топ жарған. Үлкендердің ұлағатынан бөлек, өзі де ойдан сөз құрап, бата шығарады. Ел ағасына айналған жан жас ұрпаққа ақыл айтудан бір танған емес.
Жамбыл ДОСҚАЛИЕВ, Мақат кентінің тұрғыны
Балаларға айтатыным: танысын-танымасын, жасы үлкен кісіге міндетті түрде сәлеміңді бер. Сонда саған баға береді, мынау көргенді бала екен, ақылы көп екен деп…
Жамбыл Досқалиев өмірлік жолдасы – екеуі жарты ғасыр отасып, 9 ұрпақты дүниеге әкелді. Қазір алтын құрсақты ананың көзі тірі перзенттері өз орнын тапқан берекелі жанұяға айналып отыр.