Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.
Оның айтуынша, осы жылдың 27 наурызы мен 22 қыркүйегі аралығында 3 338 COVID-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1 140 шағымы бар, 2 198 шағымсыз науқас анықталды. Бүгінгі күні короновирус инфекциясынан қайтыс болғандар 72 болса, емделіп шыққандардың саны 3 263-ке жетті. Инфекция жұқтырғандардың ішінде медицина қызметкерлері-74, мүгедектер-9, жұмыссыздар-283, оқушылар-42, ұйымдаспаған балалар-33, зейнеткерлер-261, әскери бөлімдерден- 18, кенорындағы тамақтандыру Каспиан Фуд мекемесінен – 9, әскерге шақырылғандардан -4, ТеңізшеврОйыл қызметкерлері — 35, өндірістік мекемеде -129, мемлекеттік қызметкерлер – 24, студенттер- 21, тағы басқалар — 166, бала-бақша қызметкерлерімен мұғалімдер-23, ішкі істер қызметкерлері-10.
2020 жылдың 22 қыркүйегіне ПТР тәсілімен мемлекеттік және жеке меншік зертханаларда 114901 адам тексеріліп, оның 3338 оң нәтиже берді. Ұлттық сараптама орталығында 15318 тест сынамасы бар. Облыста 23 мониторинг тобы құрылып, бүгінгі таңда мониторинг тобымен 1431 рейдтік тексерулер жүргізілді. Рейд барысында 285 нысанда бұзушылықтар анықталып, оның 285 түсінік жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 58 нысанға арнайы тексеру жүргізіліп, корытындысы бойынша 116 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Айта кетейік, 17-ші тамыздан бастап кезең-кезеңімен 5708 нысан ашылып, жұмысын қайта бастады. Инфоқазақстан жүйесі бойынша 4730 электронды хабарлама, 978 жазбаша арыз келіп түсті. 4730 хабарлама қанағаттандырылып, жазбаша түскен 125 арыз қаралды.