Атыраулықтар 15 қарашаға дейін өзі қалаған емханаға тіркеле алады. Ал медициналық мекеме тұрғындарға келесі жылдан бастап қызмет көрсетеді.
Қалалықтарды тіркеу жұмыстары электрондық үкімет арқылы жүзеге асады. Бірақ тұрғылықты мекен-жайыңыз таңдалған емханадан алыс болса, үйге шақырту қызметіне жүгіне алмайсыз.
Майра МҰСАҒАЛИЕВА, емхана қызметкері:
Емханаға тіркелудің екі жүйесі бар: ЭЦҚ кілтіңіз болса, электрондық үкімет порталы арқылы және жеке санаттағы азаматтардың емханасында, ал егер қолыңызда ЭЦҚ кілтіңіз бола тұра, портал арқылы тіркелу қиынға соқса, біздің медтіркеушілеріміз көмектесе алады.