Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық сақтау саласына зор басымдық берілгені аян. Оған себеп – пандемия кезіндегі кемшіліктер мен шешімін күткен мәселелердің көп болуы.
Сондықтан кежегесі кері тартқан саланы аяққа тік тұрғызу үшін Үкіметке 11 мәселені нақты шешуді атап көрсеткен болатын. Олардың қатарында «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасы бар. Осы мәселе Индердегі дәрігерлер тарапынан да зор қолдауға ие болуда.
Оңай АРЫСТАНОВА, акушер-гинеколог:
Біз үшін аудан дәрігерлеріне көп көмек деп есептеймін. Тағы бір қуантарлық жағдай – жасанды жүктілікке квота көбейту. 2010 жылдан бастап жылына 100 квота ғана бөлінетін. Оның әр облысқа бөлгенде Атырау облысына үшеуі тиеді де, бізге қаладан ауыспай қалады. Шалғайдағы ауылдағылар квото бар екенін естігенімен оны пайдалана алмайтын. Биыл жиырмасыншы жылы бірінші рет қана 1000 квота бөлінді.
Жолдауда айтылғандай, мемлекетімізде 9 500-ге жуық әйел сәби көтере алмауы себепті есепте тұрса, отау құрған отбасылардың 15 проценті бедеуліктің зардабын көруде. Дәрігердің сөзінше, ауданда есепте тұрған келіншектердің саны 60-тан асады. Емханаға тіркелмей, емші жағалап жүргендері де қаншама?!