Индер ауданында ажырасудың саны артты. Жыл басынан бері қосылған 42 жұптың жартысынан көбі некесін бұзды. Салдарынан алимент өндіру талаптары ұлғайып, бүгінде 25 өтініш қанағаттандырылған.
Пандемия кезінде азаматтардың арыз-шағымдарын онлайн қарап, заң аясында шешім шығарған аудандық соттың төрағасы жасалған жұмыстарын баяндады.
Жанат ХАБАРОВ, Индер аудандық сотының төрағасы:
– Сот жұмысына келетін болсақ, қазіргі таңда Индер аудандық сотымен ағымдағы жылдың сегіз айында 18 қылмыстық іс қаралды. Аталған қылмыстық істердің ішінде 13-іне үкім шықты. Ал азаматтық істер бойынша 162 талап арыз келіп түскен, шешімдер шығарылып бітімгершілік келісімдер және медиациялық татуласу рәсімдері жүргізілген. Сондай-ақ, 156 әкімшілік құқықбұзушылыққа байланысты істер қаралды.