Өткен 8 айда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 3,8 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен пара-пар.
Дегенмен автокөлік құралдары мен контейнерлерді ауыстырып тиеуде өсім бар. Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, отандық сауда флоты есепті кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,5 млн тонна жүк, оның ішінде Ақтау-Баку фидерлік желісі бойынша шамамен 9 мың контейнер тасымалдады.
8 айда ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,3 млн тоннаға жетті.