Атырауда суға шомылу маусымы аяқталды. Биыл 18 адам суға кетіп қайтыс болды. Оның үшеуі – кәмелет жасқа толмағандар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 адамға көп.
Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу бойынша 346 хаттама жасақталса, мас күйінде суға түсіп, қоғамдық орындарға барған 108 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде, 800 мың теңгеден астам айыппұл өндірілді.
Берік ҚҰРМАНАЛИЕВ, Атырау облысы ТЖД бөлім бастығы:
– Судағы қауіпсіздік бойынша халық арасында, оқушылар арасында, жасөспірімдер арасында көптеген рейдтік шаралар ұйымдастырылып жатыр. Осыған дейін 300-ден аса рейдтік шара ұйымдастырылды. Шамамен 12 000-нан аса жадынама таратылып, сонымен қатар, түсінік жұмыстары жүргізілді.