Биыл Атырау облысындағы жасөспірімдер қылмысы былтырғымен салыстырғанда 9 пайызға азайды. Жеткіншектерге қатысты 40-қа жуық қылмыс пен 1500-ден астам әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылық дерегі тіркелген.
Полицейлер олардың тәртібін ретке келтіру үшін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатқа рәсімдеген.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
– Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауының 85 фактісі анықталды (ҚР ӘҚБтК 127-бабы). Олардың арасында кәмелетке толмағандардың ішімдік ішкені туралы 13 дерек бар.
Сонымен қатар, 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында және 23.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз көшеге шыққан 1400-ден аса жасөспірім анықталды. Балалардың ата-аналарына немесе олардың заңды өкілдері әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шаралар қабылданды.