Кеше АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Ажал алқабы» ұлттық паркінде көптен бергі ең жоғары температура тіркелді. Жергілікті мамандардың айтуынша, ыстық 54,4 градусқа дейін жоғарылаған.
«Ажал алқабында» ауа температурасының көтерілуі жиі байқалады. Кей мәліметтерге сүйенсек, 1913 жылы 56,7°C-ге дейін көтерілген. Бірақ ғалымдар оның қате болу мүмкін екенін айтады.
2013 жылы «Ажал алқабында» 53,9°C тіркелген. Сондай-ақ, 1922 жылы Ливияда сынап бағанасы жер бетінде бұрын-соңды болмаған 58 градусты көрсетті деген алып-қашпа әңгіме шықты. Кейін оны зерттеген мамандар көрсеткіштің қате екенін дәлелдеп шықты.