Нұрсаядағы жаңа жолда белгілердің жоқтығы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің наразылығын тудыруда. Бағыттағыш сызықтардың болмауы жол жүру ережесінің бұзылуына себеп болып тұр.
Қалалық ТКШ бөліміндегілердің айтуынша, жол сызықтары Ғабдиев көшесіне жуық арада салынады. Өйткені, Әбілхайырхан және Елорда даңғылдары аралығындағы қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталмапты. Бұл жолдың ерте ашылуы басқа көшелердің жөндеу жұмыстарына байланысты болған. Әкімдіктегілер мұндай шешім кептелістерді болдырмау үшін қолданылып отырған көрінеді.
Аңсаган САҒЫНБАЕВА, қалалық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің баспасөз хатшысы:
– Әзірге жүргізушілердің жұмыс барысына түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Жол белгілерінің орнатылмауына, үзік сызықтардың сызылмауына байланысты жылдамдықты асырмай, барынша жол ережелерін сақтап жүруін сұраймыз.