Қырғызстан су тапшылығына байланысты Қазақстаннан сағатына 500 млн кВт электр энергиясын импорттауды жоспарлап отыр. Ол туралы ұлттық энергия холдингінің төрағасы Айтмамат Назаров мәлімдеді.
Бұл күз және қыс кезінде туындайтын энергия тапшылығын жоюға мүмкіндік бермек.
Қырғыз мамандары осы жылдың қазан айына қарай Тоқтағұл қоймасындағы су мөлшері шамамен 14,9 млрд текше метрге дейін төмендеуі мүмкін деген болжам жасауда. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 17–19 млрд текше метр аралығында болған.
Ұлттық энергия холдингі өкілдері биыл апаттық жағдайдағы жарықтың сөнуін де азайтуды жоспарлап отырған көрінеді. Үкімет су тапшылығы туралы мәселені осы жылдың басында-ақ көтере бастаған. Қоймалардағы су деңгейінің төмендейтіндігі туралы болжам да сол кезде айтылған.